Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыс тобы) отырысы өтті.
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдері қатарынан жұмыс тобы қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсына алады.
Ұлытау ауданы қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерінің сандық құрамын 10 адамнан тұратын жұмыс тобы айқындады, бұл ретте мемлекеттік органнан өкілдік үштен бірінен аспайды және 2 адамды, ал азаматтық қоғамнан өкілдік тиісінше – үштен екісін, яғни 8 адамды құрады.
Ұлытау аудандық мәслихаты төрағасының өкіміне сәйкес мемлекеттік органның Қоғамдық кеңеске өкілдігі мынадай құрамда бекітілді:
1.Жасұлан Қуанышұлы Мұханбетов-Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы
2.Ержан Мақсұтұлы Дауітбай- Ұлытау ауданы әкім аппараты басшысы
Қоғамдық кеңес құрамында коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан өкілдік конкурстық негізде қалыптастырылады.
2025 жылғы 18 қаңтарда «Ұлытау» газетінде Ұлытау аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсын көрсете отырып, Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру рәсімінің басталғаны туралы хабарландыру жарияланды.
2025 жылғы 21 қаңтарда Ұлытау аудандық мәслихатының ресми сайтында конкурсқа қатысу үшін Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар мен өзге де мәліметтер жіберілетін конкурс туралы оның атауы, пошталық мекенжайы, құжаттарды тапсыру мерзімі, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген хабарландыру жарияланды.
2025 жылғы 4 ақпанға дейін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан 11 өтінім келіп түсті, олар Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесінің құрамына коммерциялық емес ұйымдардың жазбаша ұсыныстары мен азаматтардың өтініштерін тіркеу журналында тіркелген.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылау, әрбір кандидатпен әңгімелесу және Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесіне (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) әрбір кандидатура бойынша ашық дауыс беру қорытындысы бойынша жұмыс тобы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Келесі құрамда Қоғамдық кеңес құру:
№ р/н |
ТАӘ |
Жұмыс орны, лауазымы |
1 |
Ташенов Серик Нугыматович |
зейнеткер |
2 |
Нурмаганбетов Смагзам Советович |
Қарсақбай мелаллургиялық заводы директорының орынбасары |
3 |
Баймаганбетов Серик |
зейнеткер |
4 |
Рахимбеков Тилеген Башарович |
зейнеткер |
5 |
Сулейменов Аманбек Данабекович |
Кәсіпкерлік палатасы Ұлытау аудандық филиалының директоры |
6 |
Султанов Кайрат Абишович |
зейнеткер |
7 |
Аширбеков Байгали Еламанович |
Алғабас клуб үйі көркемдік жетекшісі |
8 |
Жалмурзин Тағанбай Таканович |
№17 ЖББМ КММ-нің музыка пәні мұғалімі |
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасына бекітуге енгізілді.
Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін келесі құрамда қалыптастырылды:
№ р/н |
ТАӘ |
Жұмыс орны, лауазымы |
1 |
Әден Руслан Рахымжанұлы
|
Жеке кәсіпкер |
2 |
Манат Олжас Нұрланұлы |
Ұлытау ауданы фитосанитария орталығы |
3 |
Смагулов Ерболат Куанышевич |
Жеке кәсіпкер |