Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы, Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 10 адам, оның 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 8 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ұлытау ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін ( өтініш үлгісі тіркеледі);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00 -ден сағат 18.00 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00 аралығы.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері 2025 жылғы 22 қаңтарынан 2025 жылдың 4 ақпан күнгі сағат 18.00 ға дейін жүргізіледі.
Кандидатуралар бойынша ұсынысты мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 200006, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 27, «Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі кабинет №12 Электронды мекен-жай: ulytaumaslihat@mail.ru, https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat?lang=kk
Байланыс телефоны 87103521223
Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы
Ұлытау ауданының
қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы
Г.Е.Көпееваға
____________________________
____________________________
____________________________
ҰСЫНЫС
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 10-тармақтарына, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ереженің 22-тармағына сәйкес Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына
(кандидаттың Т.А.Ә., туған жылы)
енгізуді ұсынамыз.
Кандидаттың конкурс туралы хабарландыруда қарастырылған құжаттары осы ұсынысқа қоса тіркеледі.
Коммерциялық емес ұйымның жетекшісі
___________________________________
____________________________
(қолы)
(Т.А.Ә)
___________________
____________
(күні)
(өзін өзі ұсынған жағдайда)
Ұлытау ауданының
қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы
Г.Е.Көпееваға
____________________________
____________________________
____________________________
ӨТІНІШ
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 10-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ереженің 22-тармағына сәйкес мені Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесінің құрамына енгізуді сұраймын.
Конкурс туралы хабарландыруда қарастырылған құжаттарды осы өтінішке қоса тіркеймін.
_____________ ____________________
(күні) (қолы) (т.а.ә-а.)