Бюджеттің атқарылу сапасы – депутаттар бақылауында

Бюджеттің атқарылу сапасы – депутаттар бақылауында

Бюджеттің атқарылу сапасы – депутаттар бақылауында

Ұлытау аудандық мәслихаты бюджет пен қаржы, экономикалық реформа мен заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының 18 ақпан мен 24 ақпанда өткізілген кеңейтілген отырыстарында күн тәртібіне «Аудан аумағындағы тиісті бағдарламалар әкімшілерінің 2025 жылғы бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз етуі туралы» мәселе қойылды. Жүргізу тізгінін аталған комиссия төрағасы Эльмира Ершұманова ұстаған жиынға аудандық мәслихат төрағасы, сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.

Комиссия отырыстарында ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің есептері тыңдалып, мұқият зерделенді.

Кеңейтілген құрамдағы комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға әкімдердің әрқайсысы өздеріне қатыстылығы бойынша жауап беріп, халық қалаулылары ортақ мүдде тұрғысынан ортаға салған ескертулер мен ұсыныстар алдағы уақытта тұрақты негізде бақылауға алынып, ескерілетінін мәлімдеді.

Осы ретте кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің басым көпшілігінің аталған мәселеге қолданыстағы заңнамалық құжаттар талабы тұрғысынан сергек қарап, қазына қаражатын мерзімінде әрі тиімді игеруге жете мән беретіні айқын аңғарылғанын атап өткен жөн.

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырыстарының қорытындысы бойынша тиісті тұжырымдар жасалды. Соған орай, қабылданған қаулы мәлімет үшін аудан әкіміне жолданатын болады.