
04.12.2025 жылы Ұлытау аудандық мәслихатының мәжіліс залында өкілді органның кезектен тыс XXXIX сессиясы өтті. Жүргізу тізгінін мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов ұстаған депутаттардың басты жиынына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудан әкімінің орынбасарлары Алмаз Қайырбек, Аян Әбжамалов, Алмат Сакипов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің басшылары, жергілікті БАҚ өкілі қатысты. Аудан орталығынан тысқары кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері байланысқа ZOOM-платформасы арқылы шықты.
Сессияның күн тәртібіне «Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабековтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындау жөніндегі қорытынды есебі туралы» және «Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы XXVII сессиясының «Ұлытау ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» №170 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (баяндамашы – Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин) мәселелер қойылып, жан-жақты талқыланды. Соның аясында депутаттар тарапынан туындаған сауалдарға атқарушы билік өкілдері тұщымды жауаптар берді.
Сессияда қарастырылған мәселелерге қатысты оң сипатты шешімдер қабылданды.