Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясы.

Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясы.

2025 жылдың 27 қарашасында Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясы өтті. Мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов жүргізу тізгінін ұстаған өкілді органның басты жиынына аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Қайырбек, аудандық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілі қатысты. Аудан орталығынан тысқары аумақтарда тұратын мандат иелері, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері байланыста ZOOM-платформасы арқылы болды. 

 

Сессияның күн тәртібіне «Ұлытау ауданы аумағында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» мәселе қойылып, оған қатысты аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Гүлнар Ауғанова хабарлама жасады. 

Аталған маңызды мәселе бойынша Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы Ұлытау аудандық филиалының директоры Аман Сүлейменов пен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Мұхамбетов қосалқы негізде түсініктеме берді. 

Депутаттар күн тәртібіндегі сауалды жан-жақты қарастырып, тиісті тұжырым жасады. Соған сәйкес, сессияның тиісті шешімі қабылданды.