Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Ұлытау аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының сандық құрамын сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 7 қазанынан 2025 жылғы 21 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat/press?lang=kk
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 21 қазанға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.
ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
Аудандық мәслихаттың мекен-жайы: Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай к-сі 27
Аудандық мәслихаттың төрағасы – Құрмансейітов Ахат Құрмансейітұлы.
Материалдарды жинауға жауапты: Исмагулова Гүлзира Бүркітқызы, аудандық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871035) 2-11-10, 2-12-23, электрондық почта мекен-жайы: ulytaumaslihat@mail.ru
Ұлытау аудандық мәслихаты бос орындарға Ұлытау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
Округтік сайлау комиссиясы:
№ п/п |
Сайлау округінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
1. |
№5 Қарсақпай округтік сайлау комиссиясы
|
Қарсақбай кенті, Болман ақын көшесі 74. Мәдениет үйі. |
1 |
2 |
№6 Сарысу округтік сайлау комиссиясы |
Сарысу селосы, Сатпаев көшесі 8. Мәдениет үйі |
1 |
3 |
№7 Алғабас округтік сайлау комиссиясы |
Бетбұлақ селосы, Берден көшесі 11. Клуб үйі. |
1 |
4 |
№10 Байқоңыр округтік сайлау комиссиясы |
Байқоңыр селосы, Рыскулова 9. Мәдениет үйі. |
1 |
Учаскелік сайлау комиссиясы:
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
1. |
№106 Сарлық учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Сарлық ауылы, «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Аманкелді ауылдық клубы», Амангелді көшесі 1. |
1 |
2 |
№107 Борсеңгір учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Борсеңгір ауылы, «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Борсеңгір ауылдық клубы», Казақстан көшесі 7. |
2 |
3 |
№113 Қаракеңгір учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Қаракеңгір селосы, «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қаркеңгір ауылдық клубы», Бозтұмсық ауылы, Орталық көшесі 81. |
1 |
4 |
№116 Қоскөл учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылы, «Қоскөл ауылдық клубы» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны, Сатпаев көшесі 15 |
1 |
5 |
№117 Құлжанбай учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылы, Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№11 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сәтбаев көшесі 16. |
1 |
6 |
№122 Терісаққан учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылы, «Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№ 9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ұлытау көшесі 1. |
1 |
7 |
№124 Тайжан учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, «№1 тірек мектебі(ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бұлқышев көшесі 15. |
1 |
8 |
№125 Қызылүй учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Ұлытау ауданының Балалар өнер мектебі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Бұлқышев көшесі 17.
|
1 |
9 |
№127 Қорғасын учаскелік сайлау комиссиясы |
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылы, Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Комсомол көшесі 21А . |
1 |
Ұлытау аудандық мәслихатының
төрағасы А.Құрмансейітов