Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы төмендегідей құрамда құрылды:
Бижанов Тимур Алиханович – басқарма басшысы;
Таджиева Гульназия Бралиновна – тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту бөлімі басшысы;
Тлеугабулова Эльмира Абикеновна – қаржы-экономикалық, әкімшілік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алулар бөлімі басшысы;
Умбетжанов Жанас Габиденович – жобалық-сметалық құжаттама және капиталдық құрылыс бөлімі басшысының м.а.
Талдау кезеңі: 05 мамыр – 16 маусым 2025 жыл.
Талдау жүргізу кезеңі: 05 мамыр – 16 маусым 2025 жыл.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Нормативтік құқықтық актілерде, талдау объектісінің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Ұлытау облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де
ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша анықталған
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды
болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Ұсыныс |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзделген негізгі қағидаттарды сақтай отырып жалғастыру. |
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша талдамалық анықтама (2025 жылғы 16 маусымға дейін) |
Таджиева Г.Б. |
2024 жылғы 7 маусым |
|
2 |
Мемлекеттік қаражатты тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуға жұмсау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сондай-ақ тәжірибе жинақтау және заңсыз сыйақы алу мақсатында заңсыз субмердігер ұсынуға жол бермеу бөлігінде ішкі талдауды жалғастыру. |
МК порталы арқылы жасалған шарт |
Таджиева Г.Б. |
Жыл бойы |
|
3 |
Әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу мәселелері бойынша Басқармада түсіндіру іс-шарасын өткізу. |
Дөңгелек үстел отырысы |
Таджиева Г.Б. |
Тоқсан сайын |