Ұлытау облысының Жезқазған қаласында 3000 адамға арналған жаңа мешіттің құрылысы басталды

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында 3000 адамға арналған жаңа мешіттің құрылысы басталды

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында 3000 адамға арналған жаңа мешіттің құрылысы басталды. Ауқымды жоба «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Құрылыстың жалпы құны шамамен 3,2 млрд теңгені құрайды. Құрылысты 2026 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Жоба аясында келесі нысандар қарастырылған:

  • ерлер мен әйелдерге арналған жекелеген намаз залдары;

  • дәрет алу бөлмелері;

  • кітапхана;

  • оқу сыныптары;

  • конференц-зал;

  • әкімшілік кабинеттер;

  • автотұрағы бар абаттандырылған аумақ.

Жаңа мешіт өңірдің рухани орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдени және діни құндылықтарды дамытуға бағытталған қоғамдық әрі білім беру инфрақұрылымының маңызды нысанына айналады.