2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 20 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталды, оның ішінде:
- 11 медициналық пункт (МП),
- 7 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП),
- 2 дәрігерлік амбулатория (ДА).
Аталған 20 нысанның ішінен 2024 жылы 15 нысан бойынша құрылыс жұмыстары басталды, атап айтқанда:
- 11 медициналық пункт,
- 7 фельдшерлік-акушерлік пункт,
- 2 дәрігерлік амбулатория.
Олардың ішінде 8 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) толық аяқталды:
- Медициналық пункттер: Айыртау, Кенжебай-Самай, Ақтас, Манадыр, Атасу, Ақбастау,
- ФАП: Борсенгір, Талдыбұлақ.
2023 жылы басталған 5 фельдшерлік-акушерлік пункттің ішінен:
- 1 нысан (Ынталы ауылындағы ФАП) пайдалануға берілді,
- 4 нысан (Мибұлақ, Байқоңыр, Қоскөл, Терсаққан) бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Келесі 7 жоба бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлінді:
- Медициналық пункттер: Егінді, Бетбұлақ, Пионер (мердігер — «Электро-Лидер» ЖШС), Қорғасын, Айнабұлақ (мердігер — «Сарманстрой» ЖШС),
- Дәрігерлік амбулаториялар: Ақтүбек, Кенгір (мердігер — «Астана Премиум Строй» ЖШС).
8 нысан бойынша пайдалануға беру актілері рәсімделді:
- Медициналық пункттер: Айыртау, Кенжебай-Самай, Ақтас, Манадыр, Атасу, Ақбастау,
- ФАП: Борсенгір, Талдыбұлақ.
Ақтүбек және Кенгір дәрігерлік амбулаториялары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылғы желтоқсан айында басталды.
Нысандардың ағымдағы жай-күйі:
Кенгір дәрігерлік амбулаториясы
- Шатыр орнату және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды;
- Ішкі бөлмелерде кафель төсеу жұмыстары жүргізілуде;
- Дайындық деңгейі — 88%.
Ақтүбек дәрігерлік амбулаториясы
- Шатыр орнату, ішкі қабырғаларды және бөлмелерді әрлеу жұмыстары жүргізілуде;
- Дайындық деңгейі — 40%.
Егінді медициналық пункті
- Фасадтық жұмыстар, кіреберіс топты орнату және аумақты абаттандыру (тас төсеу) жұмыстары жүргізілуде;
- Дайындық деңгейі — 85%.
Бетбұлақ медициналық пункті
- Терезе мен есік блоктары орнатылды;
- Қабырғалар мен ішкі бөлмелерді әрлеу жұмыстары жүргізілуде;
- Дайындық деңгейі — 75%.
Айнабұлақ медициналық пункті
- Құрылысы толық аяқталды, жабдықтарды жеткізу күтілуде;
- Дайындық деңгейі — 100%.
Қорғасын (Шеңбер) медициналық пункті
- Терезе мен есік блоктары орнатылды;
- Ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру (тас төсеу) жұмыстары жүргізілуде;
- Дайындық деңгейі — 78%.
Пионер медициналық пункті
- Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды;
- Кіреберіс топты орнату, фасадтық және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде;
- Дайындық деңгейі — 78%.
Жобаларды аяқтау мерзімдері
Келесі 7 нысан бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау 2025 жылғы қазан айына жоспарланған:
- Медициналық пункттер: Егінді, Бетбұлақ, Пионер, Қорғасын, Айнабұлақ;
- Дәрігерлік амбулаториялар: Кенгір, Ақтүбек.
Ұлттық жобаның нәтижесінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасы артып, қолжетімділігі едәуір жақсарады деп күтілуде.