
Департаменттің «Ұлытау облысының
білім басқармасы» ММ-на қатысты нұсқамасы орындалды
БҚДА Ұлытау облысындағы департаменті облыстық білім басқармасына қарасты Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК-ның қызметіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижесінде Кәсіпорынның монополияға қарсы органның келісімінсіз мынадай қызметтерді жүзеге асырғаны анықталды:
Сонымен қатар, Басқарманың мәліметі бойынша Кәсіпорын бейнелеу өнері, хореография, театр, сән театры, жалпы эстетика даму, домбыра, қобыз, домбырамен ән айту, сазсырнай, сыбызғы, жетіген, гитара, флейта, скрипка, түймелі аккордеон, фортепиано, академиялық вокал қызмет түрлерін жүзеге асырған.
Аталған фактілерге байланысты Департамент Кәсіпорынға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасындағы бұзушылықтарды тоқтау туралы нұсқама жолдады. \
Қазіргі уақытта нұсқама талаптары толық көлемде орындалды.