АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың бірінші айында жас буын отандастарымыз мақсатты жинақтарын қалай пайдаланды? 2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% мөлшері жыл сайын 18 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балалар арасында бөлінеді. НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеуге арналған. НЖШ-ға аударылғаннан кейін қаражат АҚШ долларында сақталады. 2024 жылы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар өздерінің нысаналы жинақтарын көрсетілген мақсаттарға пайдалану құқығына ие болады. Бағдарлама іске асырыла бастаған алғашқы айда 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 42 078,34 АҚШ долларын құрайтын 422 өтініш орындалды (БЖЗҚ уәкілетті операторға өтініш берушілердің банктік шоттарына есесптеу үшін аударды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 16 016,04 АҚШ долларына 162 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 26 062,30 АҚШ долларына 260 өтініш орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсарту Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануды таңдағандар арасында ең белсенді болған Шымкент қаласының тұрғындары (2 108,84 АҚШ долларына 21 өтініш орындалды), екінші орында – Алматы қаласының тұрғындары (1 707,28 АҚШ долларына 17 өтініш орындалды), үшінші орында – Абай облысының тұрғындары (1 406,24 АҚШ долларына 14 өтініш орындалды). Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ салымындағы ақшасын толықтыру (13 105,12 АҚШ долларына 133 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) - 1 105,20 АҚШ доллары, үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша 602,08 АҚШ доллары мөлшерінде бастапқы жарна енгізілді. Білім алу ақысын төлеу Қаражатты білім беру ақысын төлеу үшін пайдаланған ең белсенді қазақстандықтар ¬- тағы да Шымкент қаласының тұрғындары (5 422,86 АҚШ долларына 54 өтініш орындалды), екінші орында – Жетісу облысының тұрғындары (3 111,96 АҚШ долларына 31 өтініш орындалды), үшінші орында – Алматы қаласының тұрғындары (2 709,88 АҚШ долларына 27 өтініш орындалды). Осы бағыт бойынша ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бүкіл оқу мерзімі үшін бір мезгілде толық көлемде ақы төлемін жасауды ерекше атап өтуге болады. Бұл ретте 21 240,98 АҚШ долларына 212 өтініш орындалды. Танымалдығы бойынша екінші орында - білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (2 813 АҚШ долларына 28 өтініш орындалды), үшінші орында - шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бүкіл оқу мерзімі үшін бір мезгілде толық көлемде ақы төлеу (1 104,68 АҚШ долларына 11 өтініш орындалды). Естеріңізге сала кетейік, бұл тек алғашқы есептелген қаражат. Жыл сайын Ұлттық қордың өсуі және инвестициялық табыс алу есебінен оның мөлшері ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық табыс әкеледі. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024 ж. - 6 919 131 бала (қоса алғанда 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балалар). Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшерінде бірдей мақсатты талаптар сомасы есептелгені белгілі. Баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне қосылғаны туралы ақпаратты ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер kids.enpf.kz сайты арқылы баланың ЖСН нөмірі бойынша тексере алады. Мұнда сонымен бірге Бағдарлама шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулық алып, қызықтырған сауалдарға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, әр балаға есептелген қаражат туралы деректерді ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетіне кіріп, тексере алады. 18 жасқа 2024 жылы толатын отандастарымыз нысаналы жинақтау шотына түскен қаржысын БЖЗҚ-ның интернет ресурсындағы Жеке кабинеті және (немесе) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өз беттерінше тексере алады. Балалардың жасы және республика өңірлері бөлінісі бойынша жасалған есептеулерге қатысты статистикалық есептер enpf.kz сайтына орналастырылады. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатына берілетін нысаналы талаптардың төлемдері туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі егжей-тегжейлі ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Отандастарымыз зейнетақы капиталын басқаруға берілген мүмкіндікті қалай пайдалануда?

Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың басты мақсаты - түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және одан табыс алу.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап заңнамаға сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы өзінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырған зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығына ие болды. Бұл құқықты зейнет жасына толмаған, бірақ МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен "Ең төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ, сақтандыру компанияларымен оларға өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан салымшылар пайдалана алды.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енуіне орай салымшылар басқарушы компанияларға жарналардың міндетті түрлері есебінен қалыптастырылған өз жинақтарының 50% дейін және ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтарының 100% дейін аудара алады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырған. Сіз ол туралы ақпаратпен танысып,  инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде біле аласыз.

2021 жылдың 15 наурызы мен 31.12.2023ж. аралығында ҚРҰБ-тан ИПБ-ға 27 757,23 млн теңгеге  20 110 аударым жүзеге асырылды.

Аударымның орташа сомасы шамамен 1,4 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика  enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

2021 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезең ішінде ҚРҰБ-тан ИПБ-ға жасалған аударымдар (млн. теңгемен) төмендегі сипатта берілген: 

ИПБ атауы

2021ж. ішінде

2022ж. ішінде

2023ж. 1-тоқсаны

2023ж. 2-тоқсаны

2023ж. 3-тоқсаны.

2023ж. 4-тоқсаны

2021ж. бастап 2023ж. дейін барлығы

  %-дық үлесі

"Jusan Invest" АҚ

3 302,54

626,02

13,15

9,26

1 064,69

1 696,61

6 712,25

24,2%

«Halyk Global Markets» АҚ

1 954,31

534,49

7,03

5,92

371,68

668,45

3 541,87

12,8%

"BCC Invest" АҚ

1 153,54

276,42

6,68

6,94

676,40

964,49

3 084,47

11,1%

"Сентрас Секьюритиз" АҚ

766,10

128,03

0,90

0,00

125,73

140,44

1 161,20

4,2%

"Halyk Finance" АҚ

0,00

3,90

51,51

87,60

1 553,89

11 560,52

13 257,43

47,8%

Барлығы:

7 176,48

1 568,86

79,27

109,72

3 792,39

15 030,51

27 757,23

100%

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден байқағанымыздай, 2021 жылы қазақстандықтар өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру мүмкіндігіне ие болған кезде ҚРҰБ-тан 7 176,48 млн теңге сомаға 4 141 аударымды жүзеге асырды. Содан кейін 2022 жылы және 2023 жылдың бірінші жартысында ИПБ-ға аударымдар жасауға деген қызығушылықтың тағы да төмендегенін көруге болады.

Зейнетақы активтерін басқару мүмкіндігі барлық салымшыларға берілген 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жинақтарын басқарушы компанияларға аудару қарқынының тағы да өсуі байқалады.

2023 жылғы шілде мен желтоқсан айлары аралығында отандастарымыз жаңа талаптарға сәйкес ҚРҰБ-тан ИПБ-ға 14 119 өтінішке сәйкес 18,8 млрд теңге аударды.

Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне сенімгерлік басқаруға беру бойынша БЖЗҚ-ға өтінішті жылына бір рет қана беруге құқылы. 2022 жылғы сәуір мен 2023 жылғы желтоқсан аралығында БЖЗҚ қазақстандықтардың жалпы сомасы 502,57 млн теңгеге бір ИПБ-дан екіншісіне ауысуға 208 өтінішін орындады.

01.07.2023 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару мерзімі қысқарды. ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтінішті зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап 1 жылдан кейін БЖЗҚ-ға беруге болады. 2023 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ жалпы сомасы 3,13 млрд теңгеге ИПБ-дан ҚРҰБ-қа қаражат аудару бойынша 908 өтінішті орындады.

Естеріңізге сала кетейік, ИПБ БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ Инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. 

ИПБ-лардың инвестициялық қызметтерінің нәтижелері төмендегідей::

Атауы

Инвестициялық кіріс (млн тенге) және зейнетақы активтерінің кірістілігі* (%)

 2021 ж.

  2022 ж.

 2023 ж.

 2021 жылдан 2023 жж. дейін барлығы

АО "Jusan Invest"

139,29

8,08%

117,61

3,25%

606,28

13,48%

863,18

26,64%

АО «Halyk Global Markets»

112,79

8,41%

110,61

4,19%

403,99

15,55%

627,39

30,52%

АО  "BCC Invest"

74,51

8,37%

42,82

2,75%

230,23

13,05%

347,56

25,88%

АО "Сентрас Секьюритиз"

46,72

9,37%

46,46

4,12%

105,27

10,67%

198,45

26,02%

АО "Halyk Finance"**

0

0

0,01

0,13%

328,02

17,20%

328,03

17,35%

Барлығы: инвестициялық кіріс және зейнетақы активтерінің орташа кірістілігі

373,31

8,40%

317,51

3,64%

1 673,79

14,47%

2 364,61

26,22%

Ескерту:

** Зейнетақы активтерін есепке алу жүргізілетін шартты зейнетақы бірлігінің өсімі негізінде есептелген ИПБ-де сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің кірістілігі

** Қызмет басталғаннан бастап зейнетақы активтерінің кірістілігі ("Halyk Finance" АҚ-мен сенімгерлік басқару туралы шарт 2022 жылғы қарашада жасалған)

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде салымшылар өздері таңдаған ИПБ-ның қанша табыс тапқанын көре алады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметі ашық. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ҚРҰБ мен ИПБ-лардың инвестициялық басқаруы және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz)  "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару бойынша барлық қажетті ақпарат пен қадамдық нұсқаулық www.enpf.kz сайтындағы  "Қызметтер" - "Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару" бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).