Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу бойынша жүйелі мәселелерін шешу бойынша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында халық арасында жиі кездесетін жүйелі мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мерзімдерінің сақталмауы, артық құжаттар талап ету, негізсіз бас тартулар ұсыну сияқты мәселелерге тап болатыны анықталды.
Қызмет алушылар жер қатынастары, білім және әлеуметтік салалар бойынша жиі жүгінеді.
Мәселен білім саласында, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде азаматтың өтінішіне белгіленген мерзімде жауап берілмеген.
Тексеру нәтижесінде тиісті ұсыну енгізіліп, оқушының басқа білім беру ұйымына ауысуы қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, жер қатынастары саласында «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бірінші кезеңін өтіп, екінші кезеңінде негізсіз бас тартылған.
Нәтижесінде жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жер учаскесіне құқық беру туралы оң шешім қабылданды.
Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жүгінген азаматтың құжаттары дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысындағы дәрігердің тегі қолмен жазылған деген негізбен қабылдаудан негізсіз бас тартылған.
Департаментмен мұндай бас тартудың негізсіз екені анықталып, азаматтың өтініші қабылданды.
Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.