Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Жаңаарқа ауданында тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) арналған шығыстар (егер ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған болса) Қаражал қаласы белгіленген 6% шекті деңгейден отбасының жиынтық табысы асатын отбасыларға көрсетіледі.
Көмек алудың негізгі шарттары:
- Тіркелу және тұру: көмек тектұрақты тіркелу орны және нақы тұру фактісі бойынша беріледі.
- Жалғыз баспана:көмек тек жалғызбір тұрғын үйге беріледі. Азаматтар өздерінің жалғыз баспаналарында тұруы немесе оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуы қажет.
- Табыстарды есепке алу: Отбасының табысыөтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшінесептеледі. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында көрсетілгендерді қоспағанда (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы), табыстың барлық түрлері есептеледі: жалақы, жәрдемақы, алимент, бизнестегі табыс, жалға алу, құнды қағаздар, сыйға беру және т.б.
- Тағайындау кезеңі:Тұрғын үй көмегітоқсанға (3 айға)тағайындалады. Осы кезеңнен кейін қайта өтініш беру және кірістер мен шығыстарды растау қажет.
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға шығыстардың бір бөлігін мынадай санаттар бойынша өтейді:
коммуналдық қызметтер: су, жарық, жылу;
тұрғын үйді күрделі жөндеу;
байланыс қызметтері (мысалы, телефон үшін абоненттік төлем);
мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысы.
Білу маңызды:
- көмек тек бір тұрғын үйге беріледі;
- көмекжеке тұлғадантұрғын үйді жалға алу шығындарына қолданылмайды;
- көмек коммуналдық қызметтерді шамадан тыс тұтынудықамтымайды;
- көмек тұрғын үй алаңының белгіленген нормаларынан асатын тұтынудықамтымайды;
- табыс жасырылған кезде көмек жойылуы мүмкін және қайтаруды талап етуі мүмкін.
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көп бөлмелі пәтерлерде тұрғынжай алаңының нормасы бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - пәтердің жалпы алаңы. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратындар үшін алаң нормасы - 30 шаршы метр нормаларға сәйкес жүргізіледі.
Өтініш беру екі тәсілмен іске асырылуы мүмкін:
- "Электрондық үкіметтің" веб-порталы kzпорталы арқылы («Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін тағайындау).
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; (ХҚКО) жеке бару арқылы.
Өтінішті электронды берген жағдайда электронды цифрлы қолтаңбаға (ЭЦҚ) қол қойылуы қажет.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін:
- "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
- банктік шоты;
- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
- коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
- телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
- жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Кеңесті «Қаражал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі арқылы алуға болады. Мекен жайы: Қаражал қаласы, Сары- Тоқа 1. Байланыс телефоны: 26307.