
Қаражалда көпфункционалды орталықтың құрылысы басталды
Қаражал қаласында жаңа көпфункционалды орталықтың құрылысы басталды. Бұл жоба қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды нысандардың бірі болмақ.
2025 жылы жобаға жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар өткізіліп, құрылыс-монтаждау және инжинирингтік қызметтер бойынша шарттар жасалды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Жобаның жүзеге асырылуы әлеуметтік, мәдени және әкімшілік салаларда көрсетілетін қызметтердің сапасын едәуір арттырып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.