
Бүгін Ұлытау ауылдық округінде орналасқан "№ 1 Тірек мектебі (РО)" КММ - де Ұлытау ауданының Аналар кеңесінің төрайымы - Жанар Ысқаққызы Жұмабаеваның қатысуымен "Отбасында өмір сүру бақыты" атты кездесу өтті. Аталмыш кездесуге 5 - сынып оқушылары сонымен қатар ата - аналар қатысты. Кездесу барысында отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі сондай - ақ ата - ананың бала өміріндегі рөлі туралы мәселелер қозғалды.