Бүгін Жастар ресурстық орталығы мен балалар кітапханасының бірлесуімен кішкентай бүлдіршіндерге арналған көңілді әрі мағыналы кездесу өтті. Шара барысында балалар қызықты ойындарға қатысып, ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Мерекелік көңіл-күй сыйлаған бұл күн кішкентайлар үшін қуаныш пен шаттыққа толы сәттерге айналды. Болашақ – балалардың қолында, ал оларды қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!