
Өңіріміздің тұрақты экономикалық дамуы мен жаңа жұмыс орындарын құру бағытында барит кенін өңдейтін байыту кешенінің құрылысы қолға алынуда.
Жобаның бастамашысы әрі инвесторы – кәсіпкер, қоғам қайраткері және меценат, «Karazhal Operating» ЖШС-нің бас директоры Жаныкулов Жумабек Есильбекович.
Жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард теңгені құрайды. Қаражат кешенді жобалау, салу және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталады.
Жобаның жүзеге асу перспективалары облыс әкімінің орынбасары Жанибек Мақсұтұлы Нөпіровтың қатысуымен талқыланды, бұл бастаманың өңір үшін маңыздылығын көрсетеді.
Аталған жоба өндірістік әлеуетті арттырумен қатар, халықты жұмыспен қамтуға да жаңа мүмкіндіктер ашады.