Шалғы кентінің әкімін сайлауды тағайындау туралы

 Қаражал қалалық аумақтық  сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Қаражал қаласы Шалғы кентінің

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қаражал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 23 ақпанға Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімінің

сайлауы тағайындалсын.

  1. 2025 жылғы 23 ақпанға тағайындалған Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:

- әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 16 қаңтар  күні басталады

және 2025 жылғы 28 қаңтар  күні сағат 18:00-де аяқталады;

- әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 02 ақпанда сағат 18:00-де

аяқталады.

  1. Осы қаулы Қаражал қаласының әкім аппаратының сайтында және жергілікті «Қазыналы өңір» газетінде жариялансын.

 

 

Қаражал қалалық аумақтық

сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары

                                                             М.О.

 

_________

 

 

М.Т. Сыздыков

 

Қаражал қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы

 

 

_________

 

 

 

С.Т. Ким

 

 

Ұлытау облысы Қаражал қаласы ,
2025 жылғы 15 қаңтар,
№ 01

 

Дата публикации
15 января 2025