Ұлытау облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне жыл сайын берілетін «Ular-2026» сыйлығының конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Ұлытау облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне жыл сайын берілетін «Ular-2026» сыйлығының конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Ұлытау облысы әкімінің жыл сайынғы «Ular» сыйлығын тағайындауға конкурс өткізіледі.

         Конкурсқа өз қызметін Ұлытау облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады.

         Сыйлық көрсетілген өлшемдерді ескере отырып, келесі номинациялар бойынша тағайындалады және бір журналиске немесе ұжымға тапсырылуы мүмкін:

«Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің арнайы сыйлығы –журналистиканы дамытудағы ерекше еңбегі үшін беріледі;

«Мамандыққа адалдығы үшін» – кәсіптік қызмет өтілі 15 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының және/немесе құрмет грамоталарының, ерекшелік белгілерінің, Ұлытау облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы;

 «Шаңырақ» - этносаралық және конфессияаралық келісім, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы үздік материал үшін берілетін номинация;

«Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» - БАҚ-ты және/немесе жеке жоба, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация;

«Экономика тақырыбын үздік жарияланы үшін» - номинация кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриялық-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыбын сапалы және кеңінен жариялағаны үшін беріледі;

«Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» – номинация мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі, сапалы жариялағаны, Ұлытау облысының әлеуметтік өмірін жариялағаны үшін БАҚ өкіліне беріледі;

«Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» – номинация денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалы және кеңінен жариялағаны, сондай-ақ материалды жариялау мен кәсібиліктің бірегейлігі үшін беріледі;

«Заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету тақырыбындағы үздік материал» - өңірдегі нашақорлық, алаяқтық, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, заң бұзушылықтар туралы сапалы және кеңінен жариялау, заң бұзушылыққа қарсы тұлғаны тәрбиелеу, қоғамның заң бұзушылықтарға қарсы мүмкіндіктері туралы ақпарат таратқаны үшін беріледі;

«Үздік ұжым» – Ұлытау облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары арасында белсенділігімен, сапалы әрі мазмұнды контент дайындауымен, өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін жан-жақты әрі жүйелі түрде ақпараттандыруымен ерекшеленген шығармашыл ұжымға беріледі;

«Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» - номинация селолық аудандарды, Ұлытау облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалы әрі кеңінен жариялағаны үшін беріледі;

«Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» - номинация өндіріс тақырыбын, «Еңбек Адамы» туралы сапалы және көлемді жарияланымдары үшін беріледі;

«Мәнер мен атқарымдылық үшін» - техникалық және шығармашылық қызметкерлерге: жоғары кәсібилікке ие видеооператорларға, дыбыстық режиссерлерге, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация;

«Объектив шебері» - бұл номинацияда жеңімпазды анықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады.

Сыйлықтар Ұлытау облысы әкімінің  сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.

Сыйлық беру жөніндегі Комиссияның қарауына кандидаттарды  газеттер мен журналдардың редакциялары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ журналистердің өздері, БАҚ қызметкерлері ұсынады. 

Материалдарды ұсыну тәртібі

1) түйіндеме,

2) өмірбаян,

3)  жеке куәліктің көшірмесі;

4) 3 әртүрлі көркем фотосурет;

5) Әртүрлі жанрдағы материалдар (очерк, интервью, мақала, фоторепортаждар, телевизиялық хабарлар, әлеуметтік зерттеулер және т.б.), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар топтамасы қабылданады.

6) 2026 жылғы ақпараттық материалдар тізімі. Бір автор бірнеше материалдарын ұсына алады, алайда олардың саны 5-тен аспауы тиіс. Жарияланымдар түпнұсқада (толық басылымы берілгені дұрыс) немесе материалдардың ксерокөшірмелері (басылымның атауы, мерзімі және авторымен хабарласудың толық мәліметтерімен қоса), фотосуреттер және телехабарлар компанияның атауы мен эфирге шыққан күні көрсетіліп – DVD дискілерінде өткізілуі тиіс.

2026 жылдың 20 маусымынан кейін ұсынылған өтінімдер байқауға жіберілмейді.

         Өмір баяндық ақпарат ulytauqogam20@gmail.com электронды мекен-жайына жіберу қажет.

         Өтінімдер 2026 жылғы 8-20 маусымы аралығында Жезқазған қ., Алаш алаңы, 1, каб. 314 («Қоғамдық даму басқармасы» ММ) мекенжайы бойынша қабылданады.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Ұлытау облысы әкімінің жыл сайынғы «Ular» сыйлығын тағайындау туралы байқау

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Байқауға (бұдан әрі - байқау) өз қызметін Ұлытау облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) қызметкерлері – редакторлар, тілшілер, журналистер, фотографтар, операторлар, режиссерлер, дизайнерлер және басқа да БАҚ қызметкерлері, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері қатыса алады.
  2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- өңірлік деңгейдегі азаматтық қоғам институты ретінде БАҚ-тың рөлін арттыру, бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

 - өңірлік журналистиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- Ұлытау облысының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін жариялау бойынша журналистердің кәсібилігін, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін көтермелеу;

  1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен тұрады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

Ұлытау облысы әкімінің Ұлытау облысының аумағында еңбегімен ерекшеленген БАҚ өкілдеріне сыйлық көрсетілген өлшемдерді ескере отырып, келесі номинациялар бойынша тағайындалады және бір журналиске немесе ұжымға тапсырылуы мүмкін:

«ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЖУРНАЛИСТИКАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН»  облыс әкімінің арнайы сыйлығы –журналистиканы дамытудағы ерекше еңбегі үшін беріледі;

«МАМАНДЫҚҚА АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» – кәсіптік қызмет өтілі 15 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының және/немесе құрмет грамоталарының, ерекшелік белгілерінің, Ұлытау облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы;

«ШАҢЫРАҚ» - этносаралық және конфессияаралық келісім, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы үздік материал үшін берілетін номинация;

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫ» - БАҚ-ты және/немесе жеке жоба, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация;

«ЭКОНОМИКА ТАҚЫРЫБЫН ҮЗДІК ЖАРИЯЛАҒАНЫ ҮШІН» - номинация кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриялық-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыбын сапалы және кеңінен жариялағаны үшін беріледі;

«ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҮЗДІК ЖАРИЯЛАҒАНЫ ҮШІН» – номинация мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі, сапалы жариялағаны, Ұлытау облысының әлеуметтік өмірін жариялағаны үшін БАҚ өкіліне беріледі;

  «ӘЛЕУМЕТТІК ТАҚЫРЫПТЫ ҮЗДІК ЖАРИЯЛАҒАНЫ ҮШІН» – номинация денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалы және кеңінен жариялағаны, сондай-ақ материалды жариялау мен кәсібиліктің бірегейлігі үшін беріледі;

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫН ІЛГЕРІЛЕТУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҮЗДІК МАТЕРИАЛ» - өңірдегі нашақорлық, алаяқтық, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, заң бұзушылықтар туралы сапалы және кеңінен жариялау, заң бұзушылыққа қарсы тұлғаны тәрбиелеу, қоғамның заң бұзушылықтарға қарсы мүмкіндіктері туралы ақпарат таратқаны үшін беріледі;

«ҮЗДІК ҰЖЫМ»  - номинация Ұлытау облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары арасында белсенділігімен, сапалы әрі мазмұнды контент дайындауымен, өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін жан-жақты әрі жүйелі түрде ақпараттандыруымен ерекшеленген шығармашыл ұжымға беріледі.

«АУЫЛ ТАҚЫРЫБЫН ҮЗДІК ЖАРИЯЛАҒАНЫ ҮШІН» - номинация селолық аудандарды, Ұлытау облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалы әрі кеңінен жариялағаны үшін беріледі;

«ӨНДІРІС ТАҚЫРЫБЫН ҮЗДІК ЖАРИЯЛАҒАНЫ ҮШІН» - номинация өндіріс тақырыбын, «Еңбек Адамы» туралы сапалы және көлемді жарияланымдары үшін беріледі;

«МӘНЕР МЕН АТҚАРЫМДЫЛЫҚ ҮШІН» - техникалық және шығармашылық қызметкерлерге: жоғары кәсібилікке ие видеооператорларға, дыбыстық режиссерлерге, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация;

«ОБЪЕКТИВ ШЕБЕРІ» - бұл номинацияда жеңімпазды анықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады.

Сыйлықтар Ұлытау облысы әкімінің  сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.

Сыйлық беру жөніндегі Комиссияның қарауына кандидаттарды  газеттер мен журналдардың редакциялары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ журналистердің өздері, БАҚ қызметкерлері ұсынады. 

 Материалдарды ұсыну тәртібі

 1) ұсыныс,

2) өмірбаян,

3)  жеке куәліктің көшірмесі;

4) 3 әртүрлі көркем фотосурет;

5) Әртүрлі жанрдағы материалдар (очерк, интервью, мақала, фоторепортаждар, телевизиялық хабарлар, әлеуметтік зерттеулер және т.б.), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар топтамасы қабылданады.

6) 2026 жылғы ақпараттық материалдар тізімі. Бір автор бірнеше материалдарын ұсына алады, алайда олардың саны 5-тен аспауы тиіс.

         Жарияланымдар түпнұсқада (толық басылымы берілгені дұрыс) немесе материалдардың ксерокөшірмелері (басылымның атауы, мерзімі және авторымен хабарласудың толық мәліметтерімен қоса), фотосуреттер және телехабарлар компанияның атауы мен эфирге шыққан күні көрсетіліп – DVD дискілерінде өткізілуі тиіс.

2026 жылдың 20 маусымынан кейін ұсынылған өтінімдер байқауға жіберілмейді.

  1. Байқау комиссиясы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерін іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

- материалдардың объективтілігі;
- кәсіби шеберлігі;
- мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;
- материалдар туғызған қоғамдық резонанс;
- жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

- белгіленген тақырыпқа сәйкестік;

- жаңашылдық;

- мәселені талдаудың тереңдігі;

- нақтылық пен логикалық негізделуі;

- мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;

- авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

- жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;

-  журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі;

сыртқы безендірілуі.

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
    - Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;
    - Қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы;
    - Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
    - Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
    - Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
    Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері:

Жұмыс органы өзіне жүктелген келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) Байқауға ұсынылған үміткерлердің құжаттарын қабылдап және оларды алдын-ала қарау тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

         2) Байқау жүлдесін тағайындау туралы өтінішті рәсімдейді;

         3) Байқау лауреттарының дипломдарын, куәліктерін рәсімдейді.
         4) Байқауға қатысуға жіберу туралы таңдау жүргізеді және ұсыныстар енгізеді;

         5) Комиссияға келіп түскен құжаттарды қарайды, оқып, танысады, сыйақы тағайындау туралы ұсыныс білдіреді.

6) Комиссияға төраға басшылық жасайды. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

 Комиссия төрағасы:

         1) Комиссия қызметін ұйымдастырады және жүзеге асыруға басшылық жасайды;

         2) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

         3) Комиссия отырысына шақырады, оған төрағалық етеді;

         4) Комиссия отырысы күн тәртібіне енгізілген сұрақ бойынша комиссия мүшелері арасынан баяндамашыны анықтайды.

         5) Комиссия құзыреттілігі аясында басқа да өкілеттіліктерді орындайды.

Комиссия хатшысы:

         1) Комиссия отырысын өткізуді қамтамасыз етеді;

         2) Комиссия отырысының күн тәртібі, өтетін орнын, уақыты туралы комиссия мүшелерін хабардар етеді;

         3) Комиссия мүшелеріне келіп түскен құжаттарды ұсынады

         4) Комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;

         5) Ұсынылған үміткерлерді ұсыну бойынша комиссия мүшелерінің дауыс беруін ұйымдастырады.

        

 Үміткерлерді ұсыну тәртібі мен мерзімі жекелеген номинациялар бойынша Комиссияға ұсынылатын қажетті байқау материалдарының тізімі туралы хабарландырулар жергілікті басылым беттерінде жарық көреді.

        

              Комиссия төмендегі үміткерлерді байқауға жібермейді:

         1) бес жыл ішінде лауреаттар қатарына қайтадан ұсынылса;

         2) бір жыл ішінде біреуден көп номинация бойынша сыйақы тағайындауға ұсынылса;

         Байқауға қатысу үшін үміткерлерді енгізу туралы шешім ашық дауыс беру негізінде қабылданады.

         Байқау жеңімпазы туралы шешім әр үміткер бойынша жеке жабық дауыс беру түрінде қабылданады және хаттама түрінде рәсімделеді.

          Комиссия мүшелерінің дауысы тепе-тең бөлінген жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

         Комиссия  мүшелерінің құрамы 2/3 кем болмаған жағдайда Комиссия отырысы құқылы болып табылады;

           Комиссия мүшелері өзін үміткер ретінде ұсынуға құқығы жоқ.

           Комиссия көрсетілген номинация атауын өзгертуге немесе тағайындамауға құқылы. 

 

Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
- Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
- Ұйымдастыру комитетінен осы ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;
- Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау, қойылатын талаптарды зерттеу;
- Осы ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
- Материалдар мен ұсыныста көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзбау;

 

Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

         Өмірбаяндық ақпарат ulytauqogam20@gmail.com электронды мекен-жайына жіберу қажет.

         Өтінімдер 2026 жылдың 8-20 маусымы аралығында Жезқазған қ., Алаш алаңы, 1, каб. 314 («Қоғамдық даму басқармасы» ММ) мекенжайы бойынша қабылданады.

Марапаттау рәсімі  салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының БАҚ қызметкерлері күні мерекесі аясында өткізіледі.