*Ұлытау облысында жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.*
☑️Бағдарлама 35 жасқа дейінгі облыс жастарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі.
🔹Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып қол жетімді қарыздар беру үшін 625 млн.теңге көлемінде қаражат бөлді.
Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.
📌Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Алашахан даңғылы 1 мекенжайында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында жүзеге асады.