99,6% – Ұлытау облысы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағында ҮЗДІК КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ!
Бүгін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу мақсатында өңірлік комиссия отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Ә.С. Шәуенова қатысты.
Комиссия отырысында облыстағы санақ жұмыстарының барысы баяндалды. Ә.С. Шәуенова өз сөзінде:
"Өңір онлайн форматтағы қамту бойынша жоғары деңгей көрсетті – ұйымдастырылған шаруашылықтар арасында 99,6%, ал жеке және қосалқы шаруашылықтар арасында 48,2%. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі," – деп атап өтті.
Санақ жұмыстарының тиімді жүргізілуі үшін облыс әкімдігі тарапынан бірқатар қолдау шаралары іске асырылуда:
• ауылдық округ әкімдіктерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталып, интернетке қосылған компьютерлер қойылды;
• тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында билбордтар, баннерлер, әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен жазбалар жарияланды;
• қала және аудан әкімдіктері елді мекендерді аралау үшін автокөліктермен қамтамасыз етті;
• кейбір аудандарда демеушілердің қолдауымен интервьюерлерге қосымша еңбекақы төленді;
• Жезқазған қаласы бойынша интервьюерлерге тегін жол жүруге мүмкіндік беретін құжаттар дайындалды;
• әкімдіктер тарапынан қосымша жұмыс күші тартылды;
• елді мекендердің картографиялық материалдары дайындалып, бекітілді.
Айта кету керек, жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы толық аяқталды. Бұл көрсеткіш өңірдің санақты ұйымдастырудағы жоғары деңгейін айқындайды.