Жезқазған кен орнының қапталында геофизикалық жұмыс басталды
«Қазақмыс» корпорациясы минералдық-шикізат базасын толықтыру және жұмыс істеп тұрған шахталар мен кеніштердегі қорды ұлғайту бағдарламасы аясында Жезқазған кенді ауданында және оған іргелес аумақтарда геофизикалық зерттеу жұмысын бастады.
Зерттеуді Qazaq Geophysics компаниясы жүргізуде. Жоба аясында мамандар жұмыс істеп тұрған тау-кен нысандарының қапталдары мен терең қабаттарында орналасқан үш телімде жақын аймақтағы өрістің қалыптасуын зондтау әдісімен электр барлау жұмысын бастады.
Зерттеудің мақсаты: геоэлектрлік қиманы зерттеп, негізгі геоэлектрлік қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы сынды құрылымдық элементтерді анықтау.
Зерттеудің жалпы көлемі 30 жүгіртпе шақырымнан асады.
Геофизикалық зерттеу нәтижесі геологиялық барлау жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылдауға негіз болады.