8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы құттықтау!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы құттықтау!
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Ұлы Отан соғысы кезінде, тылда еңбек еткен аналарға құрмет көрсету мақсатында, Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымы, тыл ардагерлеріне өз құттықтау лебіздерін жеткізді.
Ералинова Шадгүл апа мен Жакенова Рахима апайды қажырлы еңбегін ескеріп, құттықтап, шынайы алғысымызды жеткіздік.
Олардың батырлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу бізге міндет.
Аналарымыздың тылдағы ерлігі мен еңбегін бағалау, құрмет көрсету біз үшін өте маңызды.