
25 мамыр күні Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы №3 білім-инновация лицейінде өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты. Шара барысында басқарма басшысы мектеп бітіруші түлектерді айтулы күнмен құттықтап, алдағы өмірлік сынақтарда сәттілік тіледі. Сондай-ақ жас мамандарға ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырып, ақ жол тіледі.