8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы құттықтау!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы құттықтау!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы мен ерлер қауымы барша әйелдер қауымын шын жүректен құттықтайды!

Бұл мереке – көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп, мейірім мен сұлулықтың, нәзіктік пен парасаттылықтың символына айналған ерекше күн. Қоғамымыздың дамуы мен өркендеуінде әйелдердің алатын орны айрықша. Сіздер отбасында – аяулы ана, ардақты жар, қамқор жан болсаңыздар, қызметте – білікті маман, жауапты қызметкер ретінде ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.Әйелдер қауымының табандылығы, еңбекқорлығы мен жоғары жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің тиімді дамуына және қоғамның тұрақтылығына зор үлес қосып келеді. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық орнап, жұмыстарыңызға табыс, өмірлеріңізге тек жақсылық пен игілік серік болсын!

Көктемнің шуақты мерекесі әрқайсыңызға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен жарқын бастамалар әкелсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!!!