«Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Басқарма) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2024 жылдың 02 шілдеде сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.
Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: 8 7102 600-328.
Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, Алашахан көшесі 1, 5-қабат, 517-кабинет.