2023 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған облыс бюджетінің атқарылуы бойынша және 2023 жылғы 1 тамызға бюджеттің күтілетін орындалуы туралы ақпарат

2023 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған облыс бюджетінің атқарылуы  бойынша және  2023 жылғы 1 тамызға  бюджеттің күтілетін  орындалуы туралы ақпарат

2023 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған облыс бюджетінің кіріс бөлігі бойынша асыра орындау  6 млрд. 065 млн.теңгені немесе 115% құрады (жоспар- 40 млрд. 315 млн.теңге, орындалысы – 46 млрд. 379млн.теңге), олардың ішінде :

Облыстық бюджет  118,6 %  құрады (жоспар 18 млрд. 351 млн. теңге, орындалуы 21 млрд. 756 млн. теңге);

Жезқазған қаласы  110,4 %  құрады (жоспар 11 млрд. 472 млн. теңге, орындалуы 12млрд. 663 млн. теңге);

Сәтбаев қаласы  111,4 %  құрады (жоспар 4 млрд. 055 млн. теңге, орындалуы   4 млрд. 515 млн. теңге);

Қаражал қаласы 123,7 %  құрады (жоспар 2 млрд. 157 млн. теңге, орындалуы 2 млрд. 669 млн. теңге);

Ұлытау ауданы 101,1 %  құрады (жоспар 2 млрд. 842 млн. теңге, орындалуы           2 млрд. 875 млн. теңге);

Жаңаарқа ауданы  132,2 %  құрады (жоспар 1 млрд. 438млн. теңге, орындалуы 1 млрд. 901 млн. теңге).

 

Облыс бюджеті кірістер бөлігінің асыра орындалуы келесі түсімдер есебінен:

- табыс салығы – 112% немесе 2,1 млрд. теңгені, әлеуметтік салық – 108,2% немесе 1 млрд. теңгені, тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтар – 159,1 % немесе 2,2 млрд. теңгені, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер – 152,3% немесе 1,9 млрд. теңгені құрады.

 

2023 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған облыс бюджетінің шығыстар бөлігі бойынша атқарылуы 70 млрд.853 млн. теңгені немесе  97,9% -. құрады (жоспар 72 млрд. 372 млн. теңге), оның ішінде:

        - облыстық бюджет бойынша  - 44 млрд. 207млн. теңге немесе 96,8%,  (жоспар -45 млрд. 660 млн. теңге);

        - қалалар мен аудандар бойынша - 26 млрд. 645 мың теңге немесе 99,7%,  (жоспар- 26 млрд. 712 мың теңге).