
«Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі № 4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» нұсқаулығына сәйкес Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
«Ұлытау облысының қаржы басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
«Ұлытау облысының қаржы басқармасы» ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
«Ұлытау облысының қаржы басқармасы» ММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жария талқылау 2026 жылғы 3-7 тамыз аралығында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаша көшесі, 1 мекенжайы бойынша өткізіледі.
Жария талқылауға қатысу мәселелері бойынша **сенім телефонына** хабарласуға болады:
8 (7102) 60-03-28