ГАЗДАНДЫРУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕГІ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА

ГАЗДАНДЫРУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕГІ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
Жезқазған қаласындағы 91-94 орамдардың, Батыс және 7-8 шағынаудандарының алғашқы абоненті көгілдір отынды пайдалануды бастады. Бұл - Ұлытау облысының орталығын газдандырудың екінші кезегі.
Күрделі жұмыс жалпы үш кезектен тұрады.
Біріншісі: Талап, Қабанбай, Бөгенбай батыр шағын ауданын
Екіншісі: Қостангелді, Бекболатсай, 7,8 және 91-94 орамдар мен Батыс шағын аудандары
Үшіншісі: Жезқазған қаласының 66-84 және 4-6 орамдарын газбен қамтамасыз ету.
Қазіргі күні Жезқазған қаласында жалпы саны 3654 тұрғын үйге арналып газ желісі тартылса, соның 1000-ға жуығы көгілдір отынның қызығын көруде. 7-8 және 91-94 орамдары мен батыс ауданның өзінде 1711 үйге желі жеткізілген. Сол себепті тұрғындарды көгілдір отынға қосылуға шақырамыз!