Тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

Қазіргі уақытта тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміне кезекке тұру үшін orken.otbasybank.kz цифрлы платформасында өтініш беру қажет.

orken.otbasybank.kz цифрлы платформасында электронды цифрлы қолтаңба арқылы тіркеуден өтіп, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне тұруға осы аталған платформада өтініш электронды беріледі.

Жоғарыда аталған тәсілмен өтініш бергеннен кейін тиісті жұмыс органы өтінішті 15 жұмыс күнінің ішінде қарап, қабылданған шешім бойынша жоғарыда аталған платформаның жеке кабинетінде кезекке қойылғандығы (қойылмағандығы) туралы хабарлама жіберіледі.