ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Бірінші тоқсан ішінде өңір кәсіпорындарында 17 жазатайым оқиға тіркелді. Әрбір факті бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес арнайы тергеу жүргізілді. Жұмыс берушілерге тиісті нұсқамалар беріліп, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Мамандар өндірістегі жарақаттанудың негізгі себептері ретінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауын, кәсіби тәуекелдерді жеткіліксіз бағалауды, сондай-ақ қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен және қажетті оқытумен тиісінше қамтамасыз етпеуді атап өтеді.

Қазіргі уақытта жоғары қауіпті кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасының сақталуына бақылау күшейтілді. Жұмыс берушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының Конституциясында және жаңартылған Еңбек кодексінде бекітілген жаңа тәсілдер жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, еңбек адамын қорғауға, өндірістік тәуекелдердің алдын алуға және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылған.

Бұдан бөлек, еңбек саласын цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде: электрондық еңбек шарттары енгізілуде, ұжымдық шарттарды цифрландыру жүзеге асырылуда және кәсіби тәуекелдерді бағалаудың электрондық жүйелері қолданысқа енгізілуде.


Дереккөзге сілтеме