
2026 жылғы 20 мамырда Жезқазған қаласында Абай – Чехов көшелерінің қиылысында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға орын алып, соның салдарынан «Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ-ның екі қызметкері зардап шекті.
Оқиға салдарынан бір қызметкер қаза тауып, екінші қызметкер медициналық мекемеге жеткізілді.
Облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментімен жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөнінде арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында тиісті шаралар қабылданатын болады.