
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті азаматтар мен жұмыс берушілердің назарын Азаматтық-құқықтық сипаттағы (ГПХ) шарттардың ерекшеліктеріне аударады.
Бұл екі тараптың белгілі бір жұмыс нәтижесіне (мысалы, үй жөндеу, сайт жасау, аударма) қол қоятын келісімі. Бұл жерде «жұмыс беруші» мен «қызметкер» емес, «тапсырыс беруші» мен «орындаушы» болады.
Әлеуметтік пакет: ГПХ шарты бойынша орындаушыға ақылы еңбек демалысы, аурухана парағы (больничный) төленбейді.
Қауіпсіздік және ҚЖОМС: Еңбек шартынан айырмашылығы, ГПХ бойынша тапсырыс беруші орындаушыны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға (ҚЖОМС) міндетті емес.
Жұмыс уақыты: Орындаушы жұмыс кестесіне бағынбайды, тек нәтижені мерзімінде өткізуге міндетті.
Егер сіз кеңседе күнделікті жұмыс істесеңіз, еңбек тәртібін сақтасаңыз және ай сайын тұрақты жалақы алсаңыз, бірақ сізбен тек ГПХ шарты жасалса — бұл заң бұзушылық. Мұндай жағдайда жұмыс беруші еңбек қатынастарын жасырғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Департамент кеңесі: Шартқа қол қоймас бұрын оның түріне мұқият болыңыз. Еңбек шарты сіздің әлеуметтік және құқықтық қорғалуыңыздың кепілі!