Қазақстан Республикасында еңбек шарттарын жасасу және оларды есепке алу талаптарын сақтау туралы

Қазақстан Республикасында еңбек шарттарын жасасу және оларды есепке алу талаптарын сақтау туралы

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әрбір жұмыс беруші қызметкермен еңбек міндеттерін орындауға кіріспес бұрын еңбек шартын жазбаша түрде жасасуға міндетті. Бұл құжат тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, еңбекақы төлеу тәртібін, сондай-ақ кепілдіктер мен өтемақыларды айқындайды.

Еңбек қатынастарының ашықтығын арттыру және заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту мақсатында барлық еңбек шарттары Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСЕБЖ / ЕСУТД) міндетті түрде енгізілуі тиіс.

Заңнаманың негізгі талаптары:

Еңбек шарты қызметкер жұмысқа кіріспес бұрын жасалуы тиіс;

Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар ЕСУТД жүйесінде уақтылы көрсетілуі тиіс;

Жүйедегі деректердің өзектілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

Белгіленген талаптарды сақтамау, оның ішінде ЕСУТД жүйесіне деректерді уақтылы енгізбеу немесе жаңартпау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 98-бабына сәйкес, 30-дан 150 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл қарастырылған.

Жұмыс берушілерге ұсыныстар:

Бекітілген үлгідегі еңбек шарттарын пайдалану;

Жұмыс жағдайы, лауазым, жалақы және өзге де елеулі шарттар өзгерген жағдайда оларды уақтылы енгізу;

Жүйеге енгізілген ақпараттың дұрыстығын тұрақты түрде тексеріп, қателерді жедел түзету.

Осы талаптарды сақтау еңбек қатынастарының ашық әрі заңды қалыптасуына, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушілер үшін әкімшілік тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.