Ұлытау облысының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясының отырысы туралы

Ұлытау облысының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясының отырысы туралы

Ұлытау облысының әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және кәсіподақтардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес 2026 жылға арналған комиссия отырыстарының жоспары қаралып, бекітілді. Жоспар әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді ескере отырып әзірленгені және әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы сындарлы диалогты одан әрі нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы ағымдағы жағдай қаралды. Уәкілетті органдардың мәліметінше, облыста жалақының уақытылы төленуін, сондай-ақ әлеуметтік және зейнетақы аударымдарының жүргізілуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар өңірдегі тұрақтылықты сақтауға және берешектердің туындауына жол бермеуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Бұдан бөлек, облыстың қала құраушы кәсіпорындарында жалақыны индекстеу және арттыру мәселесі қаралды. Ірі жұмыс берушілер қызметкерлердің табысын кезең-кезеңімен арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту және ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Отырыс қорытындысы бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының үйлесімді жұмысы атап өтілді. Комиссия еңбек саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және өңір экономикасының тұрақты дамуына ықпал етуді жалғастыруға дайын екенін растады.

По итогам заседания отмечена скоординированная работа всех сторон социального партнёрства. Комиссия подтвердила готовность и далее совместно решать актуальные вопросы в сфере труда, обеспечивая защиту прав работников и устойчивое развитие экономики региона.