Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде Конституция жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде Конституция жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ұлытау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында департамент басшысының міндетін атқарушысы Ғ. Жақып қатысушыларды Конституция жобасының негізгі бағыттарымен таныстырып, ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, конституциялық реформалар құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі ережелері, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбек қатынастарын жетілдіруге және халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамытуға ықпалы туралы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға референдумға қатысу – азаматтардың конституциялық құқықтарының бірі екені және елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әр азаматтың дауысы маңызды екені айтылды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырылды.