Ұлытау облысында дін саласы мамандарына, әкімдік қызметкерлері мен дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының спортшыларымен арналған семинарлар өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Кенжеханов Ердәулет Бақытбекұлы «Дін және мемлекеттік қызмет», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Дін мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс: заманауи тәсілдер мен әдістері» тақырыптарында семинарлар өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға теріс діни ағымдардың белгілері, олардан сақтану жолдары және мемлекеттің дін саласындағы саясаты туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, жастардың дінтанулық сауаттылығын арттыру мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы атап өтілді.