
13 тамыз күні «Контентті жоспарлау және әлеуметтік желілерде мақсатты аудиториямен тиімді жұмыс жүргізу» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға қарсы насихат бағытында жұмыс істейтін мамандар мен теологтар қатысты. Семинарды «Creative Unity» қоғамдық бірлестігінің басшысы Мадина Жиембаева жүргізді.
Қатысушыларға мақсатты аудиторияны анықтау, контентті жоспарлау, визуалды материал әзірлеу және әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың тиімділігін арттырудың практикалық тәсілдері таныстырылды.
Сонымен қатар, басқарма маманы Ардақ Мизамедин интернет кеңістігінде діни экстремизм идеологиясына қарсы ақпараттық жұмысты жүргізудің негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.