ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ ТИМБИЛДИНГ: ҚОЛДАУ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ЖАҒЫМДЫ АХУАЛ

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ ТИМБИЛДИНГ: ҚОЛДАУ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ЖАҒЫМДЫ АХУАЛ

Жезқазған және Сәтбаев қалаларының қыз-келіншектеріне арналған дәстүрлі тимбилдинг ұйымдастырылып, шараға 64 әйел және балалар қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – қыз-келіншектер арасында өзара қолдау мен сенімді қарым-қатынасты нығайту, психологиялық жайлылықты қалыптастыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу.
 Іс-шара барысында жоғары санатты акушер-гинеколог, медициналық сарапшы Айнагүл Балмағанбетова әйел денсаулығы, отбасындағы саулық және өзіне қамқорлық жасау мәселелері бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Ал елімізге танымал сарапшы-психолог Лола Шакимова «Ерлер мен әйелдер психологиясының ерекшеліктері» тақырыбында тренинг өткізіп, отбасындағы өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынастың маңызды тұстарына тоқталды.
Кездесуге жергілікті теолог мамандар Бейсенбек Бақжанар және Талипбекова Бақжанар да қатысып, қатысушылармен еркін форматта пікір алмасты.
 Тимбилдингтің ең қызықты бөлігінде қатысушылар үш топқа бөлініп, «Абай», «Дәстүр» және «Дін» тақырыптары бойынша шығармашылық тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды.
Балалар үшін арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Бұл күн пайдалы ақпаратпен ғана емес, жылы жүздесулермен, еркін әңгімемен және көтеріңкі көңіл-күймен есте қалды.