ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

Күрделі жағдайда сабыр сақтау, эмоцияны басқару және дұрыс коммуникация орнату – жауапты қызметтегі маман үшін маңызды дағды.

Осы бағытта Жезқазған және Сәтбаев қалаларының полиция қызметкерлері, психологтар мен ҚАЖД мамандарына арналған семинар-тренинг өтті. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, сарапшы-психолог Лола Шакимова қатысушылармен кәсіби күйзелісті басқару, психологиялық тұрақтылықты сақтау және түрлі жағдайда тиімді қарым-қатынас орнатудың практикалық тәсілдерімен бөлісті.

Тренинг барысында теориямен қатар практикалық жаттығулар өткізіліп, қатысушылар кәсіби ортада қажет болатын нақты дағдыларды пысықтады.