
Ұлытау облысында экстремизмнің алдын алу және қоғамның құқықтық, танымдық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.
Іс-шараларға мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының қызметкерлері және колледж студенттері қатысты.
Кездесулерге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры, социология ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов қатысып, экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, жастардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зайырлылық қағидаттарын түсіндіру мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ мектептердің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған «Білім саласының зайырлылығын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Мұндай кездесулер қоғамда тұрақтылықты нығайтуға және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.