
2026 жылғы 22–25 ақпан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы, PhD доктор Қайрат Құрманбаев Ұлытау облысында жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында әскери бөлімдерде, мемлекеттік қызметшілермен, өндірістік ұжымдармен, білім беру ұйымдарында және түзету мекемесінде бірқатар кездесулер өткізілді.
Кездесулерде дәстүрлі ислам құндылықтары, зайырлы мемлекет қағидаттары және радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелері талқыланды. Іс-шаралар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылды.
Ұлытау облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.