
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында тиімді және нәтижелі жұмыс атқарған мамандар Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапат иелері өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, конфессияаралық келісімді сақтауға және қоғамдық татулықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін атап өтілді.
Марапаттау рәсімінде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З. Ақылбекова атқарылып жатқан жұмыстардың қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталып, сала мамандарына алғыс білдірді. Сонымен қатар, марапат иелерін жаңа жылмен құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.