
Ұлытау облысында діни қызметкерлерді, теологтарды және ақпараттық-түсіндіру бағытының мамандарын қолдау мақсатында арнайы марапаттау рәсімі өтті.
2025 жылы конфессияаралық келісімді нығайту және деструктивті діни идеологияның алдын алу бағытында жоғары нәтижелер көрсеткен мамандар қаржылай ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының, сондай-ақ №62 түзету мекемесінің мамандары қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде айтарлықтай үлес қосып келеді.