
22 қараша күні Жезқазған қаласындағы «Samadi Mart» гипермаркетінде Ұлытау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық алаң 2025: Taza Qadam» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды діни экстремизмнің алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және рухани жаңғыру бағытында ақпараттандыру.
Шара аясында:
Қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік заңнама мен деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы 300-ден астам таратпа материал үлестірілді.
Викториналық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақ зиялыларының өмірі, зайырлылық қағидаттары тақырыптары қамтылды. Сондай-ақ, мақал-мәтелдер бойынша «Жалғасын тап» ойыны өткізілді.
Дәстүрлі әншілер ән шырқап, күйшілер күй орындады.
Белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бізбен бірге болған барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Бірге Taza Qadam жасап, рухани дамуымызды жалғастырайық!