Рухани келісім күніне арналған шығармашылық фестиваль.

Рухани келісім күніне арналған шығармашылық фестиваль.

2025 жылғы 16 қазан күні Сәтбаев қаласындағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Ұлытау облысының діни бірлестіктері арасында Рухани келісім күні мен Республика күніне орай шығармашылық фестиваль өтті.

Бұл шара дәстүрге айналған игі бастама ретінде өңірдегі түрлі конфессиялар, мәдениеттер мен ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды.
Фестивальге келесі діни бірлестіктер қатысты:
• Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіт;
• Евангельдік христиан-баптистердің орталық шіркеуі;
• Сәтбаев қаласындағы Әулие Николай храмының приходы;
• Жезқазған қаласындағы жетінші күн адвентистерінің шіркеуі;
• Сәтбаев қаласындағы жетінші күн христиан-адвентистерінің жергілікті шіркеуі;
• Сәдуақас Ошақұлы атындағы мешіт;
• «Агапе» пятидесятниктер шіркеуі.

Фестиваль барысында қатысушылар достық, мейірімділік пен рухани келісімнің маңызын дәріптейтін шығармашылық нөмірлер ұсынды.

Шараның салтанатты бөлімінде Ұлытау облысының дін істері басқармасының басшысы Дулат Рашидұлы Төлегенов пен облыстық діни бірлестіктер клубының жетекшісі Дмитрий Полтаренко құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы бейбітшілік пен толеранттылықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Фестиваль соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Бұл фестиваль ел бірлігі мен рухани татулықтың символына айналып, Қазақстан халқының ортақ құндылықтарға негізделген ынтымағы мен өзара құрметін тағы бір мәрте айқындады.