
Ұлытау облысында әйел жамағатына арналған рухани кездесулер өтті
14–16 қазан күндері Ұлытау облысына ҚМДБ Алматы облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, белгілі исламтанушы-психолог Назерке Әкішқызы Жаналиева арнайы келіп, әйел жамағатымен бірқатар танымды кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында спикер келесі өзекті тақырыптар төңірегінде ой бөлісті:
отбасы әдебі мен бала тәрбиесі;
рухани иммунитет ұғымы және оны қалыптастыру жолдары;
жалған діни мазмұндағы ақпараттардың ықпалынан қорғану тәсілдері;
зайырлы өмір мен діни ұстаным арасындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары.
14 қазан – Ұлытау облыстық медресесінде әйел жамағатының басын біріктірген рухани кездесу өтті.
15 қазан – аналар кеңесі мүшелерімен және Б.Балқыбайұлы мешітінде әйел жамағатымен жүздесу ұйымдастырылды.
16 қазан – мектеп психологтарымен және «Ан Ниса» орталығының әйелдерімен топтық кездесу өтті.
Кездесулер жылы атмосферада өтіп, қатысушылар пайдалы кеңестер мен рухани серпіліс алды.
Рухани иммунитетті күшейтудің маңызы мен әйел адамның қоғамдағы рөлі кеңінен талқыланды.