«Қазағымның дәстүрлері-ай » ұлттық-этнографиялық сайысы

«Қазағымның дәстүрлері-ай » ұлттық-этнографиялық сайысы

Бұл сайыс – тек жарыс емес, қазақ халқының асыл қазынасы – салт-дәстүрін дәріптеп, отбасы құндылықтарын ұлықтайтын үлкен мерекелік басқосу болды. Әрбір отбасы сахнада өнерін, білімін, ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншілігін паш етіп, жас ұрпаққа өнеге көрсетті.
Алғашқы кезеңде қатысушы отбасылар өзін шығармашылық тұрғыда таныстырса,
Екінші кезеңде – салт-дәстүр мен ұлттық болмысқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды.
 Үшінші кезең – өнер додасы болды. Ән айтылып, күй тартылып, би биленіп, қолөнер шеберліктері көрсетілді.
Соңғы кезеңде – қазақ дастарханының көркі саналатын ұлттық тағамдар әзірленіп, тарихымен таныстырылды.
Осылайша, әр отбасы өздерінің өнерін, білімін, шеберлігін көрсетіп қана қоймай, халқымыздың асыл мұраларын дәріптеді.
ЖЕҢІМПАЗДАР:
 І орын – Көшеновтер отбасы (Жаңаарқа ауданы)
ІІ орын – Жамановтар отбасы (Жаңаарқа ауданы)
ІІІ орын – Бөлтірік Шынболат отбасы (Сәтбаев қаласы)
Сонымен бірге, өз өнерімен ерекшеленген отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды:
 «Өнерлі отбасы» – Ұзақбаевтар отбасы (Қаражал қаласы)
 «Дәстүрге берік отбасы» – Оспановтар отбасы (Жезқазған қаласы)
Бұл сайыстың басты мақсаты – ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына отбасы құндылықтарын сіңіру. Халқымыздың бай мәдениеті мен тағылымды тарихы – болашаққа жол нұсқайтын мәңгілік қазына.

Қазағымыздың салт-дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай берсін!