TAZA QADAM 

TAZA QADAM 

«Taza Qadam» акциясы: Жезқазғандағы рухани және спорттық үндеу

2025 жылдың 27 қыркүйегінде Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында өткен Ұлытау – Атырау футбол матчы аясында Ұлытау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Taza Qadam» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.

Шараның мақсаты:
- Экстремизм мен терроризмнің алдын алу;
- Ұлттық құндылықтарды насихаттау;
- Дін саласындағы заңнамалар туралы ақпарат тарату.

Акция барысында:
- 600-ден астам ақпараттық парақша таратылды;
- Викториналар мен мақал-мәтел жарыстары ұйымдастырылды;
- Қатысушылар өз тілектерін баннерге жазып қалдырды;
- Белсенді азаматтар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бірге #TazaQadam жасап, спортты қолдап, рухани дамуға үлес қосайық!