Әйел жамағаты арасындағы «Көңілді отбасы» спорттық эстафетасы

Әйел жамағаты арасындағы «Көңілді отбасы» спорттық эстафетасы

Жамағат арасындағы бірлікті нығайту, толеранттылық пен патриотизмді дәріптеу мақсатында 28 тамыз күні “Ұлытау” спорт кешенінде Ұлытау облысының әйел жамағаты мен балалары арасында “Көңілді отбасы” атты спорттық-эстафеталық сайысы өтті.
Бес кезеңнен құралған тартысты додаға Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан 10 команда қатысты.
Сайыс нәтижесімен “Жасмин” тобы (Жезқазған) жүлделі 1 орынды иеленіп, 80.000 теңгелік қаржылай сыйлықпен марапатталса, “Раяни” тобы (Сәтбаев) 2 орын және 60.000 теңгелік қаржылай сыйлықпен, “Фирдаус” тобы (Сәтбаев) 3 орын және 40.000 теңге марапатқа ие болды. Қалған қатысушы топтарға сайысқа белсене қатысқаны үшін әрқайсына 20.000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар ұсынылды.
Отбасын нығайту, бала мен ата-ана және тұлғааралық қатынастарды нығайту, сондай-ақ, позитивтік өмірлік ұстаным қалыптастыру бағытында өткізілген іс-шара қатысушыларға ұмытылмас эмоциялар мен көңілді сәттер сыйлады.